Грантқа өтініш жазғанда қақпанға түсіп қалма

Жыл сайын шілде айының 22-31 аралығында Қазақстан бойынша мыңдаған талапкерлер грант иеленуге өтініштерді береді. Осыған орай Учи.қз сайтына: «Мен грантқа өтем бе?», «Қанша ЖОО-на құжаттарды тапсыруға болады?», «Грантты қалай иеленуге болады?», «Мемлекеттік тапсырысы туралы тізімді қалай табуға болады?», «Гранттар байқауының нәтижелері қашан дайын болады?» және т.б. сұрақтары жие қойылады. Кейбір кездері бізге талапкерлердің өтініштерді дұрыс толтырмауы мен қабылдау коммиссияда алдаулар туралы әңгімелер келіп отырады. Бұл мақалада сендер грантқа өтінішті дұрыс беру үшін кеңестерді таба аласыз.

Бастысын есте сақтаңыз: Гранттар байқауы ЖОО-дар бойынша емес, мамандықтар бойынша өтеді.

Гранттарды бөлу кезінде ЖОО-дар еш қатысы жоқ (ҚБТУ, ХАТУ сияқты арнайы ЖОО-дар болмаса). Егер осы ЖОО-да бірдей мамандықтар болса, онда байқауда гранттар университтерге емес, барлық республикаға бөлінеді. Яғни, ҚазҰУ мен ЕҰУ оқығыңыз келсеңіз де, айырмашылығы жоқ.

Бірінші миф.

«Мемлекеттік университетке» грант иеленуге мүмкіндіктер еселенеді деген «миф» бар. Расында да ҚазҰУ мен ҚазҰПУ атты ұлттық университеттер грант иеленушілермен мақтана алады.

Бірақ, бұл гранттар мамандықтардың молдығынан толтырылады. Мысалыға келтіретін болсақ: Дінтану, Әлеуметтану және Археология мамандықтарын мемлекетіміздің 2-3 ЖОО-да ғана оқи аласыз. Осыған орай осы мамандықтарға түсем дейтін талапкерлердің көп болмағандықтан байқауда грант иеленуге үлкен мүмкіндіктері бар.

Екінші миф.

Қабылдау комиссиясында барлығын біледі. «Одан да сол жерге барып бәрін біліп алайық...», «... маған Қабылдау комиссиясында айтты», «Қабылдау комиссиядағы маман өтінішімді құрастырып, толтырып берді...». Соңғы нұсқасы өтінішті беймәлім адам толтырғаны ең қауіпті.

Грант = ақша = оқуды төлеу үшін ЖОО-ға ақша = ЖОО-ның мұғалімдеріне келетін жалақы = рейтингтің көтерілуі = грант иеленушілерді өзіне тарту болуы мүмкін. Сондықтан, грант иеленушілерді тарту үшін ЖОО-дар барлық мүмкіндікті пайдаланады, өйткені грант иеленушілер оларға өте пайдалы.

  • Талапкерге жағымпаздық жасап, өзінің ЖОО-нын жарнамалап, басқа университеттерді жамандаса, онда ойлануыңыз керек. Бұл дұрыс па?
  • ЖОО-дың тізімінде, сізге керек оқу орны болмай қалу мүмкін. Сондықтан, ол тізімді алдын-ала қарап, кодтарды жазып алу қажет.
  • «Біздің ЖОО-ды алғашқысы болу керек, басқа оқу орнына өте алмайсыз» десе, онда «Бірінші мифті» қараңыз.
  • Барлық ақпаратты бірнеше рет тексеруіңіз қажет. «Қабылдау комиссия өзі өтінішті толтыру керек» десе, ол тағы бір алдау болғаны.


Өзіңіздің өтінішіңізді тек қана өзіңіз толтырып, дұрыстап тексеріңіз. Бұл аса маңызды жұмысты ешкімге тапсырмаңыз, бұл сіздің келешегіңіз.

 

uchi.kz

Комментарии (1)

    • /
    • 20.09.2016, 7:38
    • /

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.